Go to the top

Сәлем, қош келдің менің сайтыма!
Қалила умаров

Кинорежиссер, документалист / продюсер

Қалила Нематұлы Умаров

  • Кинорежиссер, документалист
  • Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері

Өмірбаяны

Қалила Омаров 1957 жылы 4 мамыр күні Қызылорда облысы Жанақорған қыстағында дүниеге келген. Әке-шешесі Нематулла мен Хадишаның он баласының ішіндегі ең тұнғышы. 1-2 сыныпты Жаңақорған қыстағындағы №163 мектепте, 3 сыныпты Төменарық станциясындағы Романов мектебінде, 4-10 сыныпты Жаңақорғандағы №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыған. 1975-1977 жылдары Совет Армиясында қызмет етті. 1978 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту училищесінің кино-фото факультетіне оқуға түсті. 1982 жылы күйші-сазгер Құрманғазы туралы түсірген «Кісен ашқан» қысқаметражды фильмі «Ақ түндер-82» кинофестивалінде бас бәйгені жеңіп алған. Н. Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының кино-фото факультетінде оқып жүрген Қ.Омаров отбасының қиындығына орай елге оралуға мәжбүр болды. 1985 – 87 жылдары Жаңақорған ауданы мәдениет үйінде жұмыс істеп, Әмір Мажитовтың "Бір үзім нан" спектаклінде Иван Хлебниковтың ролін сомдайды. 1986 жылы Республикалық "ТЕАТР КӨКТЕМІ" фестивальінде бұл спекталь бас жүлдені жеңіп алды. 1987 жылдан «Қазақтелефильм» студиясында режиссер, 1998 жылы «Aлатау» ұлттық телеарнасының бас режиссері, кейіннен ҚР Президенті «Телерадио-кешенінің» режиссері болды. 1999-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде дубляж режиссері. 2006-2010 жылдары Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында режиссер болып жұмыс істеген.

Сыйлықтары

(1992). Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты

(1996). Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты

(1997). ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ІІ-ші дәрежелі «Қайсар» ордені

(2010). «Бауыржан Момышұлы» құрмет белгісі

Кітап, журнал,(сақтап алу)

Қалила қожаның хиқаялары Ұлт болмысы журнал

Кино каталог

.

Байланыс

KALILAFILM - Қалила Умаров

Қалила Умаровтың киноларын оқушыларға, студентерге көрсетіп кездесу ұйымдастыру, деректі, көркем киноға тапсырыс беру!

KALILAFILM - K.Umarov
Моңғол көшесі 63,
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Байланыс
+7-707-755-0703
+7-701-755-0703
+7-707-214-7070
Email
kalilafilm@gmail.com
87017550703@mail.ru

Әлеуметтік желідегі байланыс

Кіріңіздер, қосылыңыздар:), байланыста болайық!.
-->

Қалила Умаров

Қазақтың
ашылмаған
тарихын
ашусы.