Алибек Мекебаев: Мұхамел Салық Бабажанов
Ассалаумағалейкум ағай! Мен сізден Мұхамед-Салық Бабажанов өмірі мен өлімі атты деректі фильм туралы қояр сұрағым бар. Ағай сол деректі фильм сізде болса интернетке жүктей аласыз ба? Мен сол Мұхамед-Салық Бабажановтың әкесі яғни Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожаның ұрпағымын. Менің руым Қожа. Мен өз аталарым туралы тереңнен білгім келеді. Маған осы деректі фильм жағынан көмектесе аласыз ба?!!
06.04.2013
Бақытжан Қуатбайұлы: Ризашылық
Ассалаумағалейкум, Қалила аға! Өнеріңіз өрлей берсін. Әмір Мәжитов жайында түсірілген деректі фильмді көріп үлкен әсер алдым. Шын мәнінде сондай талантты дара тұлғаны елі мақтан ететіні рас. Сізге үлкен рахмет. Жаңа туындылар көп бола берсін. Алла қуат берсін Сізге аға!
21.12.2012
Ақана сері атындағы Көкшетау мәдениет ко...: Құрметті қоғам тұлғасы
Құрметті қоғам тұлғасы, рухани қазынасы мол, елдің ертеңі деп ат салысатын Қалила Умаров ағамызбен кезігуіміз біз үшін үлкен сабақ, зор мәртебе болды.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қалила ағамыздың айызды әңгімелерін тыңдап, әр түрлі деректі фильмдерінен шөліркеген шөлімізді бастық. Ойымызды мазалаған сұрақтардың жауабын тыңдап, тылсын бір кино режиссурасы әлеміне бет алдық.
Өмірі мен өнері сабақтасқан ағамыздың сөзінен де, еңбегінен де - елім деген өзекті ойлар мен өмір шындығы жатқандай. Өнердің де, өмірдің де бәйтерегі іспеттес Қалила ағамыз, біздердей ізін жалғар із басарлар барда, өнердің өресі биік, өзегі кең болары сөзсіз.
Бізге санаулы сағаттар ішінде сан сұраққа жауап беріп, салиқалы ой сала білген ағамызға шығармашылық табыстар тілейміз. Осындай кездесулер көп болса екен! Мыңда бір рахмет! (Кокшетау)
29.05.2012
Saule: здраствуйте Калила
здраствуйте Калила когда то в2001 году вы снимали свадьбу вашего однофамильца Умарова Ерлана а я мать его жены. Конечно вы не обязаны помнить но дело в том что когда мы свами разговаривали зашел разговор о моих предках при упоминании о них вы были очень хорошо осведомлены. Калила мой прадед Ильяс кажы Жангара улы был в списке особо приглашенных на 2 съезде Алашорды и его фамилия значится рядом с такой известной фамилией Мустафы Шокаева .Дело в том что он в свое время был волостным Теренколя ибыл очень состоятельным человеком и спонсировал многие мероприятия Алаша. Может Вы что то знаете про моих предков
11.05.2012
Гүлзада Сержан: Сайт
Сайт өте жақсы жасалған. Деректі фильмдерді онлайн қойғандарыңызға үлкен рахмет!
24.04.2012

