background

ҚАЛИЛАНЫҢ КРЕДОСЫ

 

ТУҒАН ЖЕРІМ – АЛТЫН БЕСІГІМ
ЖАҢАҚОРҒАННАН АЛЫП ҰШҚАН
ЖҮРЕК АРМАНҒА ЖЕТЕЛЕДІ,
ҚАНАТ ҚАҚТЫРДЫ.
ҚАНШАМА АҚЖҮРЕК ЖАНДАР
КЕЗДЕСТІ, ТӘРБИЕЛЕДІ, ЕРКЕЛЕТТІ…
ӘЛЕМДІ ШАРЛАДЫМ, КИНО ТҮСІРДІМ…
КЕЗІНДЕ ӨЗ ХАЛҚЫНА ӨЗДЕРІ ӨГЕЙЛІК
ТАНЫТҚАН ҚОҒАМНЫҢ САЙҚАЛ
САЯСАТЫН ӘШКЕРЕЛЕДІМ,
ОЛАРДЫҢ ОЙЫНШЫҒЫНА
АЙНАЛҒАНДАРДЫ МҮСІРКЕДІМ.
АЛ, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
ҮШІН ӨЗДЕРІН ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛҒАН
АСЫЛ АҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ ТЕКТІЛІГІНЕ
БАСЫМДЫ ИДІМ, ПІР ТҰТТЫМ.
МІНЕ, ҚАЗАҚ КИНОДОКУМЕНТАЛИСТИКАСЫНА
ҚОСҚАН БІР ТАМШЫ ҮЛЕСІМ
АҚТАҢДАҚ ТАРИХТЫҢ ПАРҚЫН
АЖЫРАТУ ҒАНА БОЛДЫ

 

ҚАЛИЛА УМАРОВ

 

Омаров Қалила Нематұлы

 

  1957 жылы 4 мамыр күні Қызылорда облысы Жанақорған қыстағында дүниеге келген. Әке-шешесі Нематулла мен Хадишаның     он баласының ішіндегі ең тұнғышы.

  1-2 сыныпты Жаңақорған қыстағындағы №163 мектепте,

  3 сыныпты Төменарық станциясындағы Романов мектебінде,

  4-10 сыныпты Жаңақорғандағы №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде оқыған.

  1975-1977 жылдары Совет Армиясында қызмет етті.

  1978 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту училищесінің кино-фото факультетіне оқуға түсті. 1982 жылы күйші-сазгер Құрманғазы туралы түсірген «Кісен ашқан» қысқаметражды фильмі «Ақ түндер-82» кинофестивалінде бас бәйгені жеңіп алған.

  Н.Крупская атындағы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтының кино-фото факультетінде оқып жүрген Қ.Омаров отбасының қиындығына орай елге оралуға мәжбүр болды.

 1985 – 87 жылдары Жаңақорған ауданы мәдениет үйінде жұмыс істеп, Әмір Мажитовтың "Бір үзім нан" спектаклінде Иван Хлебниковтың ролін сомдайды. 1986 жылы Республикалық "ТЕАТР КӨКТЕМІ" фестивальінде бұл спекталь бас жүлдені жеңіп алды

  1987 жылдан «Қазақтелефильм» студиясында режиссер,

  1998 жылы «Aлатау» ұлттық телеарнасының бас режиссері, кейіннен ҚР Президенті «Телерадио-кешенінің» режиссері болды.

  1999-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде дубляж режиссері.

  2006-2010 жылдары Ш.Аймманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында режиссер болып жұмыс істеген

 

Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі (1992ж)  

 

Сыйлықтары:

 

Қазақстан жастар одағының лауреаты (1992).

Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1996).

ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ІІ-ші дәрежелі «Қайсар» төс белгісінің иегері (1997).

Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері (2009).

«Бауыржан Момышұлы» құрмет белгісі (2010).

© 2026 Kalilafilm.kz. Барлық құқықтары қорғалған.